Нұр-Сұлтан қаласында дүкендерден бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында дүкендерден бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі ұсталды

Бұған дейін, яғни 2016 жылы полицейлердің көзіне 21 және 23 жастағы қыздар түскен. Үлкені криминалдық ортада Анжела-Ангел лақап атымен танымал. Бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған және бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Аталған қыз полицияда «ұсақ ұрлық жасаған адам», «алаяқ», «ұялы телефон ұрысы», «ұры» және «кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын ата-ана» санаттары бойынша есепте тұр.
Кіші қыз 2018 жылдан бері полицияда «ұры» және «алаяқ» санаттары бойынша есепте тұр, осы жылдың қаңтар айында сотталған. Ұрлық, ұсақ ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан қыздардың түзу жолға түсетін ойлары да жоқ және қылмыс жасауды жалғастыруда.
Полицейлердің ақпараты бойынша апала-сіңлілерге қаланың қоғамдық орындарында бірқатар ұрлық жасады деп күдік келтірілуде. Қыздар жабық базарларда, сауда үйлерінде, СОСО-да, сұлулық салондарында және т.б. бірқатар ұрлық жасады деп күдіктеледі.
Осылайша, қыздар бір апта бұрын тұрмыстық тауарлар дүкенінде ұрлық жасау үстінде ұсталған. Ұрылардың жеке басын полицейлер бейнекамералар арқылы қарап анықтаған.
Ұсталған қыз, яғни екі қыздың кішісі жақында ғана сот залынан жіберлігені анықталған, алайда ол осыған қарамастан қайта қылмыс жасауға барған.
Қазіргі уақытта ұсталған қызға дүкендерден 5 ұрлық жасады деп күдік келтірілуде, ҮҰИ қамауға алынған, оған қатысты «ұрлық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.