17.11.2020 ж. 102-арнаға қала тұрғыны Қасымова Жанар хабарласты. Ол Тілендиев көшесі 36-үйдің ауласында белгісіз ер адам "LADA" маркалы автокөлігінде оның атына былапыт сөз сөйледі деп шағымданды және шара қолдануды сұрады. Аталған шақыруға "Талас-321" автопатрулі жіберілді, құрамында Нұр-Сұлтан қ. ПД патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары, полиция лейтенанттары Кенже Тауырбеков пен Қайрат Ахметов бар. Полиция қызметкерлері шағымданушымен қоңырау шалып, телефон арқылы жағдайдың мән-жайын айтып, құқық бұзушының кешірім сұрауы қажеттігін түсіндірді. 10 минуттан кейін полиция арызданушыға қоңырау шалып, төмен түсуді өтінді, өйткені көшеде сол адам күтіп, одан кешірім сұрайтынын хабарлады.
