ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Көп қабатты үйдің тұрғындары өрттен құтқарғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді

Кубрин 22/1 көшесі бойындағы үйдің тұрғыны елордалық полицияға қоңырау шалып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің атына алғыстарын білдірді. Бақыт Бауыржанқызының айтуынша шамамен сағат 04.00-де үйдің 4-кіреберісінен түтін шыға бастаған. Қою қара түтін баспалдақтың шабағын басқан. Ол уақытта барлық тұрғындар ұйықтап жатқан. Полиция қызметкерлері пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды шығара бастаған.
Оқиғаны көзбен көрген тұрғын: «Бәрі дәл кинодағыдай көз алдымызда болды»-дейді. «Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі мені таң қалдырды. Түтінге тұншығып қалмас үшін барлық тұрғындарға өздерімен бірге орамалды сулап алуды ұсынды. Қайсарлық танытқандары үшін мен оларға өте ризамын» -деді Бақыт Бауыржанқызы.
Құтқару операциясы барысында олар 100-ден аса тұрғынды алып шыққан. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларды өрт көтергіш құрылғымен эвакуациялаған.
Түтіннің сөнбей қалған темекі тұқылын тастаған баспалдақ шабағының астынан шыққаны анықталды.

Дата публикации
05 ноября 2020
Дата обновления
05 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Ақпарат
19 января 2021
Елорда тұрғыны "Байқоңыр" ауданының ПБ қызметкерлеріне полиция капитаны К. Н. Зараповқа және полиция аға лейтенанты Б.Н. Шоқыбасовқа ұрланған зергерлік бұйымдарды іздеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы