
01.11.2020 жылы "Алматы" ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлау фактісі бойынша ұрланған көлік құралын "ОЛХ" онлайн-хабарландыру платформасы арқылы сатқысы келген күдіктіні ұстады. Бұған дейін "А" азаматшасы велосипед ұрлау дерегі бойынша "Алматы" ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторына полицияның аға лейтенанты Мұхаммед Қонысбекке жүгінген болатын.
Қаскүнеммен кездесу ұйымдастырып, "Алматы" ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Г.Есмағанбетовпен және С. Аят ұрыны ұстап, ұрланған велосипедін қайтарып алды.