28 қазанда Достық - Түркістан көшелерінің қиылысында қызмет атқару кезінде мамандандырылған патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторлары полиция капитаны Н. Исаев пен Р.Нұрсейітовке балдақпен келе жатқан қарт адам № 4 қалалық емханаға жеткізуге көмек сұрап жүгінді. Полиция қызметкерлері ер адамды дереу патрульдік көліктің салонына отырғызып, көрсетілген медициналық мекемеге жеткізді. Егде жастағы ер адам полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қызметіне табыс тіледі.
