
Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның «Инстаграмм» парақшасында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне Айгүл есімді азаматша алғыс білдірді.
Яғни, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне Қан орталығынан қалалық № 2 ауруханадан аяғы ауыр азаматшаның ауыр халде жатқаны және көп қан жоғалтуына байланысты, жедел қан құю қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен, осы хабарды естіген Патрульдік полиция қызметкерлері дереу қан тапсырып, нәтижесінде Айгүл есімді азаматшаның жағдайы жақсарып, бүгінгі таңда баласын аман-есен дүниеге әкеліп, үйіне оралды.