Ағымдағы жылдың 13 қазанында "Алматы" ауданы ПБ аудандық полиция бөліміне әйелден сағат 14.30-да үйден 2004 жылы туған кәмелетке толмаған қызы шығып, оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел - алдын алу іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері "Алматы" ауданы ПБ ювеналдық полиция инспекторларымен бірге кәмелетке толмаған қызды тауып, анасына тапсырды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу немесе білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналардың жауаптылығы туралы ескертеді.