Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша АҚПАРАТ
Ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап ҚР ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2024 жылғы 10 қаңтардағы) Заң күшіне енді.
Аталған Заңмен ІІМ қызметіне, қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласына қатысты Кодекстің 18 бабына өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрамдары енгізілді:
• Көлік қозғалысы кезінде автокөлік кабинасынан денені шығару:
- Жолаушы тарапынан – 615-баптың 5-бөлігі,
- Жүргізуші тарапынан – 593-баптың 1-1-бөлігі,
- Екеуіне де – 10 АЕК айыппұл.
• Жүргізуші құқығынан айырылуға жатпайтын тұлғалар тарапынан қарсы жолаққа шығу – 596-баптың 3-1-бөлігі, 30 АЕК айыппұл.
• Қарсы жолаққа шығу нәтижесінде ЖКО орын алуы – 596-баптың 4-1-бөлігі, 9 айға жүргізуші құқығынан айыру.
• Теміржол өткелін өту ережелерін бұзу салдарынан ЖКО – 607-баптың 3-бөлігі, 9 айға жүргізуші құқығынан айыру.
• Медициналық емес мақсатта есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын немесе күшті әсер ететін заттарды қолдану –
440-1-бап, 40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау,
қайталанса – 80 АЕК немесе 20 тәулікке дейін қамау.
• Теміржол жолдарын рұқсат етілмеген жерден кесіп өту фактісінің қайталануы – 559-баптың 5-1-бөлігі, 5 АЕК айыппұл.
• Жүргізуші тарапынан ЖКО-ға алып келген ЖЖЕ бұзушылығының қайталануы – 610-баптың 2-бөлігі, 40 АЕК айыппұл немесе 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру.
(... мәтін қысқартылған нұсқада берілген ...)
Қосымша:
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап «қоғамдық жұмыстар» түріндегі жаңа әкімшілік жаза және олардан жалтарғаны үшін жауапкершілік енгізіледі – 669-бап.
Қоғамдық жұмыстар келесі 11 бап бойынша тағайындалады:
- 73-бап – Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер;
- 434-бап – Ұсақ бұзақылық;
- 434-2-бап – Ортақ пайдаланудағы орындарды ластау;
- 438-баптың 2-бөлігі – Арнайы қызметтерді қайталап жалған шақыру;
- 440-баптың 3-бөлігі – Қайтадан қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйінде жүру;
- 443-баптың 2-бөлігі – Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін тұлғаның талабына бағынбау (қайталанған);
- 449-баптың 2-бөлігі – Қоғамдық орындарда қайтадан тиісу;
- 598-баптың 2-бөлігі – Арнайы қызмет көлігіне жол бермеудің қайталануы;
- 615-баптың 4-бөлігі – Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы (қайталанған);
- 653-бап – Сотқа құрметсіздік таныту;
- 669-бап – Сот шешімдерін орындамау.