Негізгі функционалдық міндеттері: жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындау себептері мен таралу қатері факторларын бағалайды. ПД бөліністерінде профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды әзірлейді және өткізеді, сырқаттанудың ағымдағы эпидемиологиялық талдауын жасайды. ПД қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша әлеуметтік-профилактикалық бағытты анықтайды. ПД қызметкерлерінің денсаулық жағдайын бағалайды. ПД қызметкерлерінің денсаулық жағдайына ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды, аурудың алдын алу бойынша басым бағытты анықтайды, ПД қызметкерлері арасында алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады. Сауықтыру іс-шараларын әзірлейді және өткізеді. Салауатты өмір салтын, тиімді тамақтануды насихаттауды жүргізеді. ПД медициналық бөлімдері қызметінің нәтижесін бағалайды.
Біліміне қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білімінің және тиісті мамандық бойынша біліктілігін арттырғаны туралы сертификатының болуы міндетті.
Негізгі функционалдық міндеттері: ПД объектілерін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қағадалауды жүзеге асырады. Санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шараларды, қоршаған орта факторларын бақылауды, жұқпалы және паразиттік ауруларды диагностикалауды заманауи лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістерін қолдана отырып, ПД объектілерін лабораториялық және аспаптық зерттеуді ұйымдастырады және өткізеді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деректерін тіркеуді, есепке алуды және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, алдын алу екпелерінің жүргізілуін жоспарлауға және бақылауға қатысады. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолданады, ПД қызметкерлерінің денсаулық жағдайына ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды, аурудың алдын алудың басым бағыттарын анықтайды.
Біліміне қойылатын талаптар: Санитариялық-эпидемиологиялық бағыттағы немесе медициналық жоғары білімінің болуы және санитариялық-эпидемиологиялық бағыт бойынша біліктілігін арттырғаны туралы сертификатының болуы міндетті.
Конкурсқа қатысушы кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Кандидаттар медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден өтеді, денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырады, әңгімелесуден өтеді.
Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат мiндеттi арнайы тексеруден өтеді.
Мiндеттi арнайы тексеру қорытындысын алғанға дейін кандидат бос лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.