Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті төменде көрсетілген қатардағы және орта басшы құрамдағы бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының  Полиция департаменті төменде көрсетілген қатардағы және орта басшы құрамдағы  бос лауазымдарға конкурс жариялайды:  

Жедел уәкіл - 7 бірлік («Алматы» ауданы ПБ – 1, «Байқоңыр» ауданы ПБ – 1, «Нұра» ауданы ПБ – 2, «Есіл» ауданы ПБ – 2, «Сарыарқа» ауданы ПБ - 1)

Тергеуші – 6 бірлік («Алматы» ауданы ПБ – 1, «Байқоңыр» ауданы ПБ – 2, «Нұра» ауданы ПБ – 1, «Есіл» ауданы ПБ – 2)

Анықтаушы - 1 бірлік («Нұра» ауданы ПБ – 1)

Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы - 1 бірлік («Алматы» ауданы           ПБ – 1)

Қызмет инспекторы - 12 бірлік (Патрульдік полиция полкі – 11, Патрульдік полициясы мамандандырылған батальоны – 1)

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы - 20 бірлік

Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері - 1 бірлік

Әкімшілік полиция басқармасы - 3 бірлік

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологі – 1 бірлік

Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспекторы – 1 бірлік

Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының инспекторы – 4 бірлік

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы – 1 бірлік («Сарыарқа» ауданы ПБ - 1)

Кіші жедел уәкіл - 2 бірлік

Ғимараттарды күзету бөлімшесінің полицейі - 9 бірлік (ТҚБ – 3, «Сарыарқа» ауданы ПБ – 3, («Алматы» ауданы ПБ – 3)

Кеңсе технигі - 1 бірлік («Байқоңыр» ауданы ПБ – 1)

Кезекші бөлімнің технигі - 1 бірлік («Алматы» ауданы ПБ – 1)

Полицей-жүргізуші - 1 бірлік (ЖҚАЖ – 1, «Байқоңыр» ауданы ПБ – 2)

Белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды  қабылдау-тарату орнының полицейі - 1 бірлік

 

Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,  қылмыстардың алдын алу және ашу, тылдық қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.

Конкурс Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және  объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына бақылаушылар шақырылады.

Құжаттарды қабылдауды Астана қаласы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде. 

 

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі; 

- еңбекақы тұрақты және уақытылы төленеді, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық айлықақының мөлшері өсіп отырады;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді және мансаптық өсу мүмкіндігі бар;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық көмек көрсетіледі;

- арнаулы атақтарға байланысты 48 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға болады (ішкі істер органдарында кемінде үздіксіз 12 жыл 6 ай қызмет еткен жағдайда).

Қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспауы, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрам лауазымдарына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрам лауазымдарына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификатының бар болуы және денсаулық жағдайы бойынша жарамды (әскери-дәрігерлік комиссия анықтайды) болуы тиіс.

Толық ақпаратты алу үшін 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Астана қаласы Полиция департаментінің № 216, 214, 213, 212 - кабинеттеріне немесе  8 (7172) 71-62-79, 8 (7172) 71-62-81,  8 (7172) 71-62-64, 8 (7172) 71-62-15, 8 (7172) 71-62-88,   8 (7172) 71-62-96,  8 (7172) 71-60-74, 8 (7172) 71-62-75, 8 (7172) 71-62-63, 8 (7172) 71-62-75, 8 (7172) 71-62-69),                          8 (7172) 71-62-74 байланыс  телефондарына хабарласуларыңызға болады. 

Астана қаласы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының  Полиция департаменті төменде көрсетілген қатардағы және орта басшы құрамдағы  бос лауазымдарға конкурс жариялайды:  
Дата публикации
14 января 2025