Көші-қон қызметінің 2024 жылдың 12 айындағы нәтижелері
Қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызмет басқармасының негізгі міндеттері:
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, ішкі істер органдарының жұмысы азаматтармен өзара іс-қимыл деңгейі бойынша бағаланады. Бұл ең алдымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және уақтылығына қатысты, олардың саны 12 түрді құрайды. Әрбір полиция органының және жалпы ІІМ жұмысы осы көрсеткіштермен бағаланады.
Қала көшелерінде және қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі пен жергілікті полиция қызметі бірігіп тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізеді. Құрылыс нысандары, саяжай массивтері және базарларда шетелдіктердің заңдарды сақтауын тексеру шаралары ұйымдастырылады.
2024 жылдың басынан бастап 25 жедел-профилактикалық іс шарасы жүргізілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2024 жылдың есептік кезеңінде 14 мыңнан астам (14748) шетелдік және ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
Сонымен қатар, ауданаралық сотпен 1412 шетелдік азамат елден шығарып жіберілді (2023 жылы – 739, +91%).
Қабылдау және таратушы орталыққа 2151 шетелдік азамат орналастырылды (2023 жылы – 1307, +64,5%).
Одан бөлек, 12 айда шетелдік азаматтар мен ҚР азаматтарына 408 177 206 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде 355 648 742 теңге өндірілді, ал өндіру пайызы 87,1%-ды құрады (2023 жылы 352 607 640 теңге айыппұл салынды, 269 979 415 теңге өндірілді, өндіру пайызы 76,5%).
2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы Астана қаласында шетелдіктерге берілген уақытша тұруға рұқсаттар саны 1,5%-ға артты (2024 жыл – 46 551, 2023 жыл – 46 066). Оның ішінде:
Паспорт және жеке куәлікпен құжатталған азаматтар саны – 228 046 (2023 жылы – 221 718).
ҚР азаматтығына қабылданған 1905 адам, оның ішінде қандастар – 1464.
Шетелдіктер мен ЛБГ-ларға тұрақты тұруға рұқсат берілді – 4538 адам, оның ішінде қандастар – 3277.
2024 жылдың 12 айында миграциялық қызмет 15 015 шетелдікті Қазақстанға шақыру құжатын рәсімдеді, сондай-ақ 9419 виза түрлі категориялар бойынша берілді.
2024 жылдың желтоқсанында Астана қаласы Миграциялық қызметі департаменті 585 133 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: