Сәлеметсіз бе! Мен Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция басқармасы жанындағы аудандық бөлімінің капитаны Назгуль Шолтаеваның жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Осы жылдың наурыз айында мен алаяқтыққа қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне өтініш жаздым. Ал Шолтаева Назгүл менің ісімді қолға алды. Ол өз жұмысын барынша жоғары деңгейде орындады.
Назгүл сияқты қызметкерлердің арқасында біз қарапайым тұрғындар өзімізді қауіпті сезінеміз.Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби біріккен жұмысы, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырады.
Шолтаева Назгүл сияқты қызметкер үшін басшылыққа алғыс айтамын және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері күні» мерекесі қарсаңында сіздің департаментіңіздің барлық қызметкерлеріне денсаулық, адалдық, әділдік, жеке басының амандығын тілейміз. Сіздің жұмысыңызға рахмет.
Жайылханова Ақбота