Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлер мен сержанттар құрамы бос лауазымдарына жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
- үміткерлердің жасы 35 жастан аспауы, бойы 175 сантиметрден төмен болмауы тиіс;
- сержанттар құрамы үшін: орта және арнаулы орта білімінің болуы, Қазақстан Республикасының әскери бөлімдерінде әскери борышын өтеген болуы тиіс, спорттық дәрежесін растайтын куәлігінің болуы (спорт шеберіне үміткерден төмен болмауы), жүргізуші куәлігінің санаты (B,C,D);
- офицерлер құрамы үшін: жоғары заң білімі және денешынықтыру мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;
- спорттық дәрежесін растайтын куәлігінің болуы (спорт шеберіне үміткерден төмен болмауы);
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы берген, үміткердің заңнаманы білуіне тестілеуден өткенін растайтын сертификатының болуы (жазылу ХҚКО арқылы жүргізіледі);
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет өткерудің артықшылықтары:
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің 217, 220, 222 кабинеттеріне немесе анықтама алу үшін 8 (7172) 71-62-79, 8 (7172) 71-62-75 байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы Тілендиев көшес, 1 мекенжайында орналасқан. Анықтама телефондары: 8 (7172) 97-28-18, 8 (7172) 97-28-09, 8 (7172) 97-28-10.