ХАБАРЛАНДЫРУ

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке бірінші  рет тұратын үміткерлер үшін офицерлер - сержанттар құрамының бос лауазымдарына қабылдау жүргізеді.

Талаптар:

  • Жасы 35-тен аспаған, бойы 170 см-ден төмен болмауы тиіс;
  • Сержанттар құрамы үшін: орта, арнаулы орта білімі, ҚР ҚК әскери қызмет өткерген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
  • Офицерлер құрамы үшін: жоғары заң білімі немесе қызметтердің мамандануына байланысты басқа да мамандықтарының болуы;
  • Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің уәкілетті органы берген үміткердің заңнаманы білуін анықтау үшін тестілеуден өткені туралы сертификат (ХҚКО арқылы жазу);
  • Қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиядан өту.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің төмендегідей:

  • Жалға алу немесе ипотекалық тұрғын үй сатып алу үшін ай сайынғы тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету;
  • Қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақы мөлшерін ұлғайта отырып, тұрақты және уақтылы жалақымен қамтамасыз ету;
  • Жұмыс берушінің есебінен алғашқы кәсіби оқыту және біліктілігін арттыру;
  • Мансаптық өсу;
  • Сауықтыруға арналған жәрдемақылар беру;
  • Ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
  • Арнаулы атағына байланысты (Ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген кезде) 48 жастан бастап зейнеткерлікке шығу сияқты артықшылықтары бар.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайларға хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Бейбітшілік көшесі 19, 217, 220, 222 каб., Анықтама телефондары: 8 (7172) 71-62-79, 8 (7172) 71-62-64, 8 (7172) 71-62-15, 8 (7172) 71-62-96, 8 (7172) 71-62-88;

«Алматы» ауданының Полиция басқармасы Жансүгіров көшесі 2, 219 каб. Анықтама телефондары: 8 (7172) 71 67 04, 8 (7172) 71 67 19;

«Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасы Иманбаев көшесі 16, 402 каб. Анықтама телефондары: 8 (7172) 21 01 59;

«Есіл» ауданының Полиция басқармасы Орынбор көшесі 9, 306 каб. Анықтама телефондары: 8 (7172) 71 65 72;

«Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасы Ақбұғы көшесі 2, 8 каб. Анықтама телефондары: 8 (7172) 71 66 27.

Дата публикации
11 августа 2022