«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджет кодексінің 168-бабының 8 тармағына және «Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 467/59-VIII шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы ПД бастығының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1, 4 – қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Енгізілген өзгерістер бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Астана қаласы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі А.К. Байсабырға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Дата публикации
25 сентября 2026