GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Алматыда «Жас сақшы» атауымен 16-сынып ашылды

Республика күні қарсаңында Алматыдағы №210 мектеп-лицейде «Жас сақшы» полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды. Бұл қаладағы осындай бағыттағы 16-сынып. Мұнда Отанға қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңіруге ниетті 8-сыныптың 24 оқушысы қабылданды.

Салтанатты шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығы, Генералдар кеңесінің өкілдері, ардагерлер, ұстаздар, ата-аналар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Жаңа сыныпқа қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Ерлан Бопырбаевтың есімі берілді. Бұл бастама батыр полицейдің есімін ұлықтап, өскелең ұрпаққа ерлік, адалдық пен қызметтік борышқа беріктіктің үлгісін көрсетуге бағытталған.

Шара барысында оқушылар жас сақшылардың салтанатты антын қабылдады. Қонақтарға полиция қызметкерлері мен мектептің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, Полиция департаментінің оркестрі музыкалық бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар оқушылар полиция бөлімшелерінің жұмысымен және заманауи техникалық құралдармен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мұндай сыныптардың ашылуы жас ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіпке және заңды құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті.

«Жастардың кішкентай кезінен заң мен тәртіптің мәнін түсініп, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілігін сезінгені маңызды. «Жас сақшы» сыныбы полиция мамандығымен танысумен ғана шектелмейді. Бұл балалардың бойына азаматтық жауапкершілік, адамға құрмет, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге және оларды қорғауға дайын болу сияқты қасиеттерді сіңіруге мүмкіндік береді.
Сыныпқа қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесіміз Ерлан Бопырбаевтың есімі берілгенінің де маңызы зор. Оның есімі оқушыларға ерлікті, антқа адалдықты және қоғам алдындағы жауапкершілікті еске салып тұрады. Осында алған білімдері мен ұстаздарының қолдауы балалардың елге лайықты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді деп сенемін», – деді Айдын Кабдулдинов.

«Жас сақшы» сыныптарын дамыту полиция мен білім беру ұйымдарының өзара байланысын нығайтуға, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Жергілікті полиция қызметі
20 октября 2026
Қауіпсіздікке бірге үлес қосайық: Алматы тұрғындары құқық бұзушылық туралы QR-код арқылы хабарлай алады

Алматыда 5 қазан мен 5 қараша аралығында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында аудандық полиция басқармаларының учаскелік инспекторлары қала аумағында тұрғындарға құқық бұзушылық туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беретін QR-коды бар ақпараттық парақшаларды орналастыруда.

Бұл тәсіл полицияға хабарласуды жеңілдетіп, тұрғындар мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар қала тұрғындарының қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылық туралы хабарлау үшін QR-кодты сканерлеп, оқиғаның мән-жайын сипаттап, нақты мекенжайын көрсету және кемінде бір фотосурет тіркеу қажет. Келіп түскен ақпаратты полиция қызметкерлері зерделеп, өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев тұрғындардың белсенділігі құқық бұзушылықтың алдын алуға және қалада қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Қоғамдық қауіпсіздік полиция мен тұрғындардың бірлескен жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі. Құқық бұзушылық туралы ақпарат неғұрлым ерте түссе, соғұрлым жедел әрекет етіп, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік бар. QR-код – тұрғындардың полициямен байланысуына арналған қосымша әрі қолайлы құрал. Ол қаладағы мәселелер туралы хабарлап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға мүмкіндік береді. Алматы тұрғындарын қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамай, анықталған құқық бұзушылықтар туралы полицияға дер кезінде хабарлауға және қаламыздың қауіпсіз әрі жайлы болуына атсалысуға шақырамыз», – деді Тимур Ноғайбаев.

Жеке құраммен жұмыс
20 октября 2026
Алматы полициясындағы тәлімгерлер кеңесі: тәрбие, сабақтастық және кәсібилік

Алматы қаласы Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жеке құрамды тәрбиелеу, қызметтік тәртіпті нығайту және аға буынның кәсіби тәжірибесін жас қызметкерлерге жеткізу мәселелері талқыланды.

Жиынға Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Молдияр Оразалиев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Кеңес мүшелері қатысты.

Отырысты ашқан Молдияр Оразалиев тәлімгерліктің жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуы мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлердің көпжылдық тәжірибесі, қызметтегі беделі мен жеке өнегесі жас полицейлердің бойында жауапкершілікті, Антқа адалдықты, заң мен азаматтарды құрметтеуді қалыптастыруға ықпал етеді.

Өткен кезеңде Тәлімгерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен жеке құрамды патриоттық тәрбиелеуге және қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған 21 кездесу өткізілді. Тәлімгерлер полиция бөлімшелеріндегі тәрбие жұмыстарына, білім беру ұйымдарында «Жас сақшы» патриоттық сыныптарын ашу рәсімдеріне, сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштердің ашылуына қатысты.

Бұдан бөлек, ардагерлер аудандық полиция басқармалары мен бөлімдеріне барып, басшылықпен және жеке құраммен кездесіп, рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларға қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Молдияр Оразалиев жас қызметкерді тәрбиелеу кәсіби дағдыларды меңгертумен ғана шектелмейтінін айтты. Оның пікірінше, принципшілдік, қарым-қатынас мәдениеті, азаматтарға құрметпен қарау және қызметтік міндетті жауапкершілікпен орындауға дайын болу да аса маңызды.

«Тәлімгерлік дегеніміз – білім мен қызметтік тәжірибені жеткізу ғана емес. Ең алдымен, бұл – жеке өнеге арқылы тәрбиелеу, өмірлік дұрыс бағыт қалыптастыру және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті сезіндіру. Бүгінгі жас қызметкер – ертеңгі тәжірибелі маман, болашақ басшы. Сондықтан ортақ міндетіміз – оның кәсіби маман болып қана қоймай, заң мен қоғамға адал қызмет ететін азамат болып қалыптасуына көмектесу», – деп атап өтті Молдияр Оразалиев.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізу, жұмыс үдерістерін цифрландыру және ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану мәселелері де қаралды.

Жиынды қорытындылаған Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмысына ардагерлерді тартудың маңызын атап өтіп, тәлімгерлік жүйесін одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді.

«Полиция қызметкерінің кәсіби қалыптасуы оқу мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруден ғана басталмайды. Қызметтік тәртіп, жеке жауапкершілік, азаматтарға құрмет және ішкі істер органдарының жоғары миссиясын түсіну де үлкен рөл атқарады. Бұл ретте ардагерлердің тәжірибесі мен буындар сабақтастығының орны ерекше. Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын жүйелі түрде жалғастырып, жеке құрамды тәрбиелеуде нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүдделіміз», – деді Айдын Кабдулдинов.

Отырыс қорытындысы бойынша Тәлімгерлер кеңесімен өзара іс-қимылды нығайту, полиция бөлімшелеріндегі тәрбие жұмысын кеңейту және жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына ардагерлердің әлеуетін белсенді пайдалану қажеттігі атап өтілді.

16 октября 2026
Алматыда жол қауіпсіздігіне арналған акцияға 500-ден астам оқушы қатысты

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданының №221 жалпы білім беретін мектебінде «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» атты ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Оны қалалық Полиция департаменті, прокуратура және Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен акцияның негізгі мақсаты – балаларға жолда қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін үйрету және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Оқушыларға жол-көлік оқиғаларының себептері мен салдарын, сондай-ақ түрлі жол жағдайларында қауіпсіз әрекет ету тәртібін түсіндіретін практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Автокөліктер, бағдаршамдар мен манекендер арқылы жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екені көрсетілді.

Бағдарлама аясында полицияның арнайы техникасы мен жабдықтары таныстырылып, полиция бөлімшелерінің жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы жылдам қимылдайтын арнайы жасағы жауынгерлерінің көрсетілімдік өнері ұйымдастырылды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов жолдағы балалардың қауіпсіздігі полицияның, педагогтер мен ата-аналардың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп қана қоймай, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету. Бала жолда жіберілген кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Сондықтан біз практикалық сабақтарға, нақты мысалдар арқылы түсіндіруге және бала кезден қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыруға басымдық береміз. Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бағыттарының бірі», – деді Айдын Кабдулдинов.

Іс-шараға қала мектептерінен 500-ден астам оқушы қатысты. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың жол қозғалысы ережелері жөніндегі білімін арттыруға, өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

16 октября 2026
Қылмыс азайып, ашылу көрсеткіші артты: Алматы полициясының жұмыс қорытындысы

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Қоғамдық кеңес мүшелеріне полиция қызметінің негізгі нәтижелері, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттары туралы баяндады.

Соңғы бес жылда Алматыда қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі сақталып келеді. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 10,4%-ға азайып, қылмыстардың ашылу көрсеткіші артқан. Қала көшелері мен қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны да едәуір төмендеген.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеген Полиция департаментінің бастығы жасалған қылмыстарды ашумен қатар, олардың алдын алудың да маңызы зор екенін атап өтті.

«Біз үшін статистикалық көрсеткіштер ғана маңызды емес. Әр көрсеткіштің артында адамның қауіпсіздігі, отбасының тыныштығы және тұрғындардың полицияға деген сенімі тұр. Біздің міндетіміз – оқиғаға ден қоюмен шектелмей, ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және Алматының әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз сезінетін жағдай қалыптастыру», – деді Айдын Кабдулдинов.

Полиция жұмысының басым бағыттарына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді. Бұл бағыттарда білім беру ұйымдарымен, ата-аналармен және бизнес өкілдерімен бірлескен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың да маңызы зор. Қазіргі уақытта Алматыда 212 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 77 мыңнан астамы Жедел басқару орталығына қосылған. Бейнеаналитика құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, оған қатысы бар адамдарды белгілеуге және оқиға орнына полиция жасақтарын бағыттауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қоғамдық орындарда, ойын-сауық орындарының маңында және уақытша тұру орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактілерін анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары да тұрақты жүргізіледі.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру туралы айтқан Айдын Кабдулдинов мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.

«Қоғамдық кеңес біз үшін тек есеп беретін алаң емес. Бұл – жұмысымызға объективті баға беруге, өзекті мәселелерді талқылауға және сындарлы ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік беретін орта. Біз ашық диалогқа дайынбыз және қоғам өкілдерінің ұсыныстары іс жүзінде жүзеге асуына мүдделіміз», – деді Полиция департаментінің бастығы.

Кездесу қорытындысында полиция, әкімдік, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту қажеттігі атап өтілді. Ортақ мақсат – қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың сенімін арттыру.

Жергілікті полиция қызметі
16 октября 2026
Қараңғы түскенде балалар қайда жүреді: Алматы полициясы рейд жүргізді

Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Ювеналды полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен көшелерді тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады.

Рейд барысында 46 балаға қатысты заң талаптарының бұзылуына байланысты деректер тіркелді. Атап айтқанда, ойын-сауық орындарында болуға қатысты талаптардың бұзылуының екі дерегі, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген балаларға қатысты 40 дерек және алкогольдік ішімдік ішуге байланысты бір дерек анықталды. Сондай-ақ үш кәмелетке толмаған бала Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу.

«Балалардың қауіпсіздігіне полиция да, ата-ана да, жалпы қоғам да жауапты. Біздің міндетіміз тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмейді. Ең бастысы – балалардың қауіп-қатерге тап болуына жол бермеу. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру және белгіленген талаптарды бұза отырып ойын-сауық орындарына бару жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Ата-аналарды балаларының қайда және кіммен жүргенін біліп, бос уақытын қадағалауға, қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырамыз. Тәрбиелік және профилактикалық жұмыс ең алдымен отбасынан басталады. Ересектердің дер кезінде назар аударуы көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға көмектеседі», – деді Тимур Ноғайбаев.

Жеке құраммен жұмыс
14 октября 2026
Полицияның арнайы мекемелері мен көші-қон мәселелері Алматыда консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралды

Алматы қаласы Полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Жиында екі негізгі мәселе қаралды. Олар уақытша ұстау изоляторлары мен полицияның арнайы қабылдау орындарының жай-күйі, сондай-ақ көші-қон саласындағы өзекті мәселелер.

Алғашқы мәселе бойынша арнайы мекемелердің жұмыс тәртібі, ондағы адамдарды ұстау жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігі және мекемелер қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар көші-қон саласындағы өзекті мәселелерге назар аударылды. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу және тиісті бөлімшелердің өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қаралған мәселелер полиция бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға, ведомстволық бақылауды жетілдіруге және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

13 октября 2026
Алматы полициясының қызметкері жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды

Жанар Дегенбай ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының марапатына ие болды.

2026 жылдың 7–10 қазаны аралығында Тараз қаласында ересектер арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен келген ерлер мен әйелдер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанар Дегенбай қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды. Осылайша, ол Қазақстан чемпионы атанды.

Бүгін Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов спортшыны қабылдап, жоғары жетістігі мен табандылығы үшін марапаттады.

«Жанардың жеңісі – тынымсыз еңбектің, тәртіп пен мінез беріктігінің нәтижесі. Жауапты қызметті қатар алып жүріп, спортқа да уақыт бөлу оңай емес. Сондықтан оның жетістігі ерекше құрметке лайық. Мұндай қызметкерлер Алматы полициясының абыройын асқақтатып, әріптестеріне үлгі болады. Жанарды лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспін!» – деді Айдын Кабдулдинов.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметкерлердің дене дайындығын жетілдіруге қолдау көрсету және спорттық дәстүрлерді дамыту олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

12 октября 2026
Алматы көшелеріндегі қылмыс деңгейі төмендеді

Алматы қаласы Полиция департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Жыл басынан бері Алматыда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 10,4%-ға азайған. Ал қала көшелерінде жасалған қылмыстар саны 34,7%-ға төмендеген.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қол жеткізілген нәтижелердің профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттырумен және халықпен өзара байланысты нығайтумен жалғасуы керектігін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау және ең бастысы, халықтың полицияға деген сенімін арттыру. Ол үшін құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюмен шектелмей, олардың алдын алып, себептерін анықтап, нақты шаралар қабылдау қажет», – деді Айдын Кабдулдинов.

Басым бағыттардың қатарында балаларды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұйымдасқан қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың жолын кесу бар.

Сонымен қатар полиция жұмысында цифрлық технологияларды дамыту, бейнебақылау жүйесін жетілдіру, жол қауіпсіздігін арттыру және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысында Айдын Кабдулдинов бөлімше басшыларының жұмыс нәтижесіне дербес жауапкершілігін атап өтіп, анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.

«Жұмыста жіберілген кемшіліктердің барлығы түзетіліп, проблемалық бағыттар бойынша оң өзгерістерге қол жеткізу қажет. Біздің жұмысымыздың өзегінде әрдайым адамдардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықтың полицияға деген сенімін нығайту тұруы тиіс», – деп түйіндеді Алматы қаласының бас полицейі.

07 октября 2026
Алматыда үш дөңгелекті көліктердің заң талаптарына сай пайдаланылуы тексерілуде

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және үш дөңгелекті көлік құралдарының жүргізушілері мен иелері тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Трицикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері үш дөңгелекті көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарының сақталуын, қажетті құжаттар мен жүргізуші куәлігінің болуын, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың белгіленген ережелерді сақтауын тексеруде.

Кезекті рейдтік іс-шара Алатау ауданындағы Орталық киім-кешек базарының маңында өткізілді. Аталған аумақ полицияның ерекше назарында. Себебі бұл жерде үш дөңгелекті көліктер сауда орындары арасында қатынау үшін белсенді пайдаланылады және кей жағдайда қаланың жалпы пайдаланымдағы жолдарына шығады.

Бір рейд барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 60-қа жуық дерегін анықтады.
Полицейлерді, әсіресе, жүргізуші куәлігін ешқашан алмаған адамдардың үш дөңгелекті көлік құралдарын басқару фактілері алаңдатады. Қаланың көлік қозғалысы қарқынды жағдайында көлікті басқарудың қарапайым дағдыларының болмауы жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді.

Полиция үш дөңгелекті көлік құралдарын пайдаланудың барлық белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады. Көлік құралы тиісті тәртіппен тіркеліп, ал оны басқаратын адамның көлік құралын басқаруға заңды құқығы болуы қажет.
Жүргізіліп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Социальные сети
Департамент Полиции г.Алматы Пресс-служба
almaty_police_department
Пресс-служба ДП г.Алматы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы