
Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің негізгі бағыты - есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы, қылмыстардың қайталануының алдын алу және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу болып табылады.
«Бұрын қылмыс жасаған адамдар арасындағы қылмысты тұрақтандыру, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласында жыл басынан бері «Тұрмыс», «Пробация», «Есеп», «Шартты» және т.б., жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, оның негізгі міндеттері тіркелген контингентті немесе қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ ІІО-да есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру болып табылады. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға кесілген адамдар арасындағы қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару қызметі Департаменті пробация қызметі және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүзеге асырылады», - деп хабарлады, Алатау аудандық полиция Басқармасында.