
Салтанатты шара Алматы полиция Департаментінің Мұражайында өтті.
Аты аңызға айналған тергеуші Василий Александрович Побияхоға ішкі істер органдарының ардагерлері мен Алматы полициясының қызметкерлері құрмет көрсетті.
Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша ақсақалға шапан жауып, «ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісі, полиция Департаменті бастығы мен Алматы ардагерлері Кеңесінің атынан грамоталар табыс етілді.
Кездесу жылы, достық жағдайда өтті.
Ардагер-тергеушілер Василий Побияхомен бірге жұмыс істеген кездегі естеліктерімен бөлісті, ол, ПД Мұражайына өзінің 2 томдық «Важняк» кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар, мерекелік шара қонақтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.