Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды

Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шараның нәтижесі.
Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.
«Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды, Африка елдерінің тағы 8 азаматы үшін Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.