Жаңа полиция офицерлеріне шендер табысталды

Жаңа полиция офицерлеріне шендер табысталды

Дәстүр бойынша Алматы қалалық ПД-де Департамент бастығы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қаладағы тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас жігіттер мен қыздар қосылды: 30 тәртіп сақшысы лейтенант шендерін алды.
«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алғы шепте қылмыспен күрес жүргізу міндеті Сіздерге артылады. Әрқайсыңыз жүрегіңіздің үнімен, жаныңыздың қалауымен қазақ полициясының қатарын толықтырдыңыздар. Анттарыңызға, халқыңызға адал болыңыздар! Сіздерді өмірлеріңіздегі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, құрметті әріптестер!», – деді, Арыстанғани Заппаров.