Алматы полициясына жаңа көліктер табыс етілді

Алматы полициясына жаңа көліктер табыс етілді

Алматы Әкімдігінің қолдауымен қала полициясының автопаркі тағы да жаңартылды.
Жаңа жыл қарсаңында тәртіп сақшылары 14 бірлік «JAC» автокөлігін алды.
«Бұл көлік әкімшілік аумақтары таулы, қиын жерлерде орналасқан аудандық полиция басқармаларының кезекші бөлімшелері мен учаскелік инспекторларға тапсырылды. Қызметтік жол талғамайтын көліктер тәртіпті сақтауды, сондай-ақ жедел-іздестіру топтары мен учаскелік полиция қызметкерлерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Сонымен қатар, полицияда бүгінгі таңда Алматы қалалық ПД қызметтері мен бөлімшелерінің көлік паркінің жарақталуы 90 пайызды құрайтынын атап өтті.
Қала полицейлері жаңа көліктерді соңғы рет өткен жылдың соңында алған.