
Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды «Нелегал» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
«Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және т.б. рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында Өзбекстанның 7 азаматшасы бар. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғаны жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қазан мен 8 қазан аралығында, қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Нелегал» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.