
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Алатау ауданының полиция қызметкерлері осы жерде тұратын ардагерлерді құттықтады.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Біздің ПБ-ның барлық дерлік қызметтерінің қызметкерлері мерейтой қарсаңында 12 ардагерге барып, оларға назар аударуды үлкен мәртебе деп санады. Өз қаражаттарынан біздің қызметкерлер, өкінішке орай төсек тартып қалған ата-әжелерімізге арналған мүгедектер арбаларын сатып алды, әр ардагердің қажеттіліктерін ескере отырып, тұрмыстық техниканы және дәстүрлі жауынгерлердің рационын жинады. Бұл батырлар бейбітшілік үшін күресіп, бар күш-жігерімен және батылдықпен Отандарын қорғады. Соғыспен байланысты ауыр күндердің естелігі бүгіннің өзінде кешегі сарбаздарды ойынан шықпайды. Өкінішке орай, жыл сайын олардың саны азаюда. Біздің міндетіміз - сол батырлардың ерлік істерін құрметтеп, олардың естеліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу », - деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ілияс Өмірсеріков.