Алматы ПД: оқу орталығынан оргтехниканы ұрлағандар анықталды

Алматы ПД: оқу орталығынан оргтехниканы ұрлағандар анықталды

Еске салайық, бұл қылмыс 20 сәуірге қараған түні жасалды, дабыл полицияға үш күннен кейін келіп түсті. Орталықтың қожайыны қаскөйлер келтірген шығынды 150 мың теңгеге бағалаған.
«Олар дереу арнайы жедел-тергеу тобын құрды, оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді. Бейнебақылау камераларынан деректерді зерттеді. Үш адамның жүргенін анықтадық, олардың жеке басы бізге жедел-іздестіру шараларының нәтижелерінен белгілі болды. Өткен күні күдіктілер Алатау ауданындағы «Шаңырақ» шағынауданында ұсталды. Бостандық ауданының ПБ криминалдық полиция мен полиция бөлімінің іздеушілері жақсы жұмыс жасады. Ұсталғандар бұрын қарақшылық, тонау және біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды », - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.
Жеделшілер осы үштіктің сол "Шаңырақ" ықшамауданында орналасқан азық-түлік дүкендеріндегі үш ұрлыққа қатысы барын анықтады.
«Қазіргі уақытта басқа қылмыстық эпизодтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұрланған мүлікті тарату арнасын анықтаймыз. Тергеу жалғасуда », - деді подполковник Әбілбеков.