
Бейнежазба Түрксіб ауданының құқық қорғау сақшыларының жұмысының мысалында жасалды. Бейнероликте карантиндік аймақтардағы полиция қызметі - КВИ инфекциясы ошақтары, аулаларды аралау, СГУ көмегімен аулаларды патрульдеу мен түсіндірме жұмыстары туралы баяндалады.
«Айта кету керек, рейдтер тек көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларында ғана емес, жеке кәсіпкерлік субъектілердің де төтенше және карантиндік жағдайларға сәйкестігі тексеріледі. Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап, тек біздің ауданда 127 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 37 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, 76 адамға айыппұл салынды, 14 адамға ескерту берілді. Тұрғын аудандарда карантинді бұзушыларды анықтау кезінде біздің қызметкерлер, ең алдымен, алдын-алуға және түсіндіру жұмыстарын нақтылауға бағытталған. Жылы ауа-райында кішкентай балалармен үйде отыру оңай емес екенін түсінеміз. Бірақ қазіргі уақытта елде қабылданған шаралар қатерлерді азайту және әр адамның өмірін сақтау үшін өте маңызды. Өкінішке орай, жедел штабтың есептері күн сайын отандастарымыздың жұқпалы ауруды жұқтыруының жаңа фактілерімен толықтырылуда. Карантинді елемегенді ұнататын азаматтардың ойланатын жайттары бар », - деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев.
Спикердің айтуынша, жергілікті тексеру барысында асханалар, қонақүйлер, шаштараздар, автокөлік жуу, ТЖО, вулканизация және басқа да шағын бизнес субъектілері карантинге қарамастан және жұмыс істеуге рұқсат алу мерзімдерін күтпей, өз қызметкерлері мен тапсырыс берушілерге жұқтыру қаупі бар екеніне қарамастан жұмыс істегендер әшкереленді. Бұл құқық бұзушылар жауапқа тартылған. Рейдтер жалғасуда.