Алматылық азаматтың көлігінен құрылыс құралдары ұрланды

Алматылық азаматтың көлігінен құрылыс құралдары ұрланды

 Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, 41 жастағы азамат құны 1 миллион теңге тұратын құрылыс құралдарын ұрлаған. Олар көлікте сақталды.
«Шағын ауданның жергілікті тұрғыны ұрлық дерегі бойынша полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу «Тойота Грация» маркалы көлігінің салонына заңсыз кіріп, құрылыс құралдарын ұрлап кеткен. Жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскөйдің ізіне түсіп, оны ұстауға мүмкіндік туды. Ол 1982 жылы туған Л.есімді азамат болып шықты. Бұрындары сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», - деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.