Біз біргеміз: алматылықтардың бір тобы бақылау-өткізу пункттерінде полиция қызметкерлерін құттықтады

Біз біргеміз: алматылықтардың бір тобы бақылау-өткізу пункттерінде полиция қызметкерлерін құттықтады

Жастар бірнеше бақылау-өткізу бекеттерін аралап, келе жатқан Наурыз мейрамына орай полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге және дәрігерлерге мерекелік дастархан жайды. Осылайша олар жанқиярлық пен қажырлы еңбектері үшін ризашылықтарын білдірді.
«Қазір біздің еліміз, бүкіл әлем сияқты, қиын кезеңді бастан өткеруде. Короновирус әрқайсысымызды өзара көмек, түсіністік, мейірімділік, сенім және парыз сияқты қарапайым адами қасиеттермен сынауда. Өз міндеттерін атқару барысында біздің полиция, Ұлттық ұлан, сарбаздар, дәрігерлер, еріктілер өздерінің денсаулығына және отбасыларының денсаулығына қауіп төндіреді. Біз бауырларымызбен бірге осы уақытқа дейін бізді қорғап жүргендерді қолдауға шешім қабылдадық. "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын". Біз біргеміз. Алға Қазақстан !!! », - деді, алматылық Марлен Ерланұлы.
Науқанды ұйымдастырушылар бұл бір реттік емес екенін және тұрақты негізде өткізілетінін айтты. Кеше күндіз және кешке жастар карантин кезінде қаланың периметрі бойынша қызмет етіп жүрген 200-ге жуық адамды тамақтандырды.
«Өз кезегімде, Алматы полициясының басшылығы мен жеке құрамның атынан, мен, қонақтарға олардың сана-сезімі, жанашырлығы және ізгілік қасиеттері үшін ерекше алғыс айтамын. Мұндай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың қоғамдағы қарапайым қарым-қатынастардың құндылығын білетіндігін, сонымен қатар, біз өмір сүріп жатқан бейбітшілік пен амандықты құрметтейтінін тағы бір дәлелдейді », - деп түйіндеді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.