
Оның құрамында 1996 және 1998 жылы туған екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары, ерлер, 28 және 33 жаста.
«Айта кетейік, осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған алаяқтыққа қарсы республикалық «Anti Fraud» іс-шарасы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында төрт адамнан тұратын топ әшкереленді. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, қаскөйлер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1 миллион 100 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп кеткен. Толығырақ айтатын болсақ, ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банктік шотына ақша жіберуді өтінді. Ер адам әпкесінің деректерін пайдаланған алаяқтарға емес, әпкесіне көмектескеніне сенімді болған», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар - Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Айта кетейік, қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды», - деді, полковник Науатов.