
Алматы қалалық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы Басқармасының нұсқаушысы, полиция майоры Жандос Нұрлыкешов пауэрлифтингтен ерлер арасындағы IPF федерациясы Алматы чемпионатында 83 келі салмақта жүлделі 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, полиция қызметкері осы спорт түрінен «спорт шеберлігіне үміткер» санатын орындады.
Троеборьяда ол 527,5 келіні бағындырды.
«Менің салмағымда 20-дан астам спортшы қатысты. Бәсекелестік лайықты өтті. Мен чемпионатқа дайындықты қызметпен ұштастырамын, жеңістерім үшін ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерде көмектесетін басшылық пен әріптестеріме қарыздармын. Айтпақшы, салауатты рух алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі, бұл белгілі нақыл сөзде айтылғандай, сау денеде ғана болады. Жарқын жеңіске жан-жақты қолдау көрсетіп, ынталандырғаны үшін Алматы қаласы ПД-нің басшылығына ерекше алғыс айтамын», - деді, майор Нұрлыкешов.
Айтпақшы, Жандос тәжірибелік атыс бойынша әскери нұсқаушы және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне үміткер.