
Мәселе, Алматы облысы, Қарасай ауданының полициясымен, бірқатар мүліктік қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 34 жастағы Н.есімді азамат жайында болып отыр.
«Ұрлық дерегі бойынша жергілікті екі тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу сканерлеу арқылы көліктерін ашып, азаматтардың жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Оның қайда екендігі бейнебақылау жүйелерінің арқасында белгілі болды. Күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.