Алматы полициясы жолдағы апаттардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы

Алматы полициясы жолдағы апаттардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы

 Оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі.
Өткен жылы қала жолдарында зардап шеккендермен 3 мың 826 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 96 адам қаза тауып, тағы 4 мың 364 адам жарақат алған.
«ЖКО, жол-көлік жарақаттары мен өлім-жітім санын азайту мақсатында, біз жол-көлік оқиғаларына талдау жүргізіп жатырмыз, оның негізінде қауіпті аумақтарда патрульдеу күшейтіліп, жол жағдайын жақсартуға нұсқамалар жасалуда, оның ішінде бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін, жарықтандыруды орнату. Жол қозғалысы ережесін бұзушыларды жауапкершілікке тарту да тиімді алдын алу шараларының бірі болып табылады. Өткен жылы 1 миллион 348 мың 981 жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Мас күйінде көлік жүргізген 2 мың 225 адам ұсталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Сондай-ақ, сот шешімімен 3 мың 254 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. 2 мың 212 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды.
Анықтама үшін: Қала жолдарында 590 бағдаршам, 45 мың 379 жол белгісі орнатылған. Қала бойынша 1 мың 918 жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылды.