
Сараптамаға сәйкес, 2022 жылдың қаңтар айында күн сайын 80 ұрлық жасалса, сол жылдың желтоқсан айында бұл көрсеткіш күніне 36 ұрлыққа дейін төмендеген.
«Тіркелген қылмыстардың жалпы санында бөтеннің мүлкін ұрлаудың үлесі 49,2%-ды құрайды. Бүгінгі күні пәтер ұрлығы (3,4%), қалта ұрлығы (4,2%), автокөлік салонынан ұрлық (19,2%), бүйір айна ұрлығы (3,4%) және т.б. ұрлықтардың ашылуы жақсарды. Бұл көрсеткішке жету ұрлыққа қарсы құрылған топтардың жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда да, қоғамдық көліктерде де бейнебақылау камераларын орнатудың арқасында мүмкін болды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Еске салайық, Алматы полициясы жүргізген шаралардың нәтижесінде қарақшылық тонау, тонау, бөтен адамдардың көліктерін ұрлау, пәтер тонау, қоғамдық орындарда автокөліктер мен жеке мүліктерді ұрлаумен айналысқан 307 қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.
Сондай-ақ, 638 ұрлықты жасағаны дәлелденген 391 ұры ұсталды.