
Алматы полициясының бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алаяқтықтың көп бөлігі қаржылық пирамидаларымен байланысты.
«Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында, бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде, тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі. Мысалы, «Mudarabah Capitalға» қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды, «Оскар Медикал» бойынша 298 эпизод және «Qi Trade» 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді. Бұл ретте интернеттегі алаяқтықтардың санын азайтуға мүмкіндік туды. Танымал тұтынушы интернет-платформаларының өкілдерімен жұмыс кездесулері, сондай-ақ, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықпен күресу туралы ақпараты бар мақалалар, бейнероликтер тұрақты жариялануының арқасында», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында,
елде 800-ден астам ресурстар бұғатталған немесе шектелген.
ПД-нің арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастыруда.