Алматы ПД: Алматының шет жағында ерлі-зайыптылар мефедрон жасаған

Алматы ПД: Алматының шет жағында ерлі-зайыптылар мефедрон жасаған

Қылмыстық өндіріс Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан.
«Ерлі-зайыптылар ұсталды – 1986 жылы туған Ж.есімді азамат және 1993 жылғы Ж.есімді азаматша. Олардың жалдамалы баспанасынан 2 келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі - мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылды. Іскер жұп нұсқаулықтарды интернет арқылы, ал шикізаттарды бетбелгілер арқылы алғандарын айтты. Ұсталғандардың айтуынша, «жұмыс беруші» синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен», - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының полиция Басқармасы тергеп жатыр.