Қаһармандар арамызда: Алматы полициясы көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалғандарын еске алды

Қаһармандар арамызда: Алматы полициясы көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалғандарын еске алды

 Бүгін таңғы сегізде жас қыз көлік көпірінің қоршауынан асып кетті.
«Біз өзіміздің патрульдік аймақта болдық. Біздің көлігімізді бірнеше ер адам тоқтатып, жоғары қабаттағы көпірден бір қыз секірмек болып жатыр деп хабарлады. Біз көпірге шықтық, ақырын ғана оған жақындадық. Қыз қатты жылады, оған жақындамауды өтінді, байланысқа шықпады. Оның назарын әңгімемен басқа жаққа аудара бастадым, осы кезде көпірдің биіктігіне қараймын деген желеумен серігім полиция лейтенанты Елдос Айдосов қызға жақындай түсті. Бір кезде ол оның қолынан ұстап алып, одан әрі шығып кету әрекеттеріне тосқауыл қойды. Сосын біз қызды көпірдің бергі жағына шығардық», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің инспекторы, «Буран-127» патрульдік экипажының қызметкері, полиция аға лейтенанты Нарбек Оразалиев.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бойжеткен ұзақ уақыт бойы өз-өзіне келе алмай, үнемі жылаумен болды. Ол полиция Басқармасында мұндай әрекетке жеке басынан өткен уайымның себеп болғанын ғана түсіндірді. Оның жасы - 30-да.
«2-3 минуттан аспайтын әңгіме барысында біз қыздан ата-анасы туралы сұрадық, оларды ойлауын, ақымақтық жасамауын өтіндік. Оның әлі жас екенін және бүкіл өмірі алда екендігін айттық. Онсыз да шарасыз қызды қорқытып алмау маңызды болды. Әйтпесе, санаулы секундтың ішінде орны толмас оқиға болуы мүмкін еді», - деді, полиция лейтенанты Елдос Айдосов.