Қасынан өтіп кете алмадық: алматылықтар полицейлерге ашулы жұрттан қалай құтылуға көмектескенін айтып берді

Қасынан өтіп кете алмадық: алматылықтар полицейлерге ашулы жұрттан қалай құтылуға көмектескенін айтып берді

 5 қаңтар күні күндіз Светлана мен Полина Просвирина жаппай тәртіпсіздіктердің ортасына тап болды: анасы мен қызы Республика алаңында құқық қорғау күштеріне қатты қарсылық болып жатқанын білмей, өз шаруаларымен келе жатқан.
«Біз әл-Фараби жақтан Фурманова көшесімен төмен қарай келе жатыр едік, бірнеше полиция көлігі шығып, жолды жауып, тез бұрылыңдар деді. Фурмановпен жоғары қарай көптеген әскерилер мен полицейлер жүгіріп бара жатты. Қызым рөлде келе жатыр еді, артқа қарай бұрылды, есікті аштық, төрт полиция қызметкері, қалқандары бар, барлық оқ-дәрілерімен, артқы орындыққа отырды, біреуі аяғынан қатты жараланып, аяғын баса алмады. Сондай әбігер болды, ештеңе түсініксіз. Біз танысып та үлгермедік. Сол кезде оған мән беретіндей болмады. Біз өтіп кете алмадық. Бізді солай тәрбиеледі», – дейді, Светлана Просвирина.
Алматылықтар көмектескен полиция қызметкерлері - Жетісу аудандық полиция Басқармасының учаскелік инспекторлары. Жас тәртіп сақшылары бүгін Светлана және Полинамен кездесіп, полиция Департаменті басшылығымен бірге оларға алғыстарын білдірді.
«Бұл іс-әрекет – адамгершіліктің, жауапкершілік пен белсенді азаматтықтың жарқын үлгісі. Светлана мен оның қызы қауіп-қатерге қарамастан, ерлік көрсетіп, полиция қызметкерлеріне көмектесті. Оларға ІІМ басшылығының, жеке құрамның және жеке өзімнің атымнан шын жүректен алғыс айтамын. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен мейірімділік тілеймін», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.