
Полиция, шөп шабатын құрал, май батареясы, құрылыс кептіргіші – осының барлығын, оқ-дәрі арсеналын есептемегенде, тонаушыны ұстау кезінде тәркілеген.
Алатау аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері үйді-үйді аралау барысында 42 жастағы К.есімді азаматты ұстады.
«Самғау» шағын ауданындағы тұрғын үйді тексеру кезінде «Фольксваген» автокөлігінен тонау кезінде ұрланған тауарлар табылды.
МЦ 106, К-12 маркалы тегіс ұңғылы мылтық; 5 қалта пневматикалық патрондар; 5 оптикалық көздеуіш; бір оқ өткізбейтін киім; сапер күрегі мен 6 әскери шалбар белбеуі – қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде ұрланған.
Құрылыс маркетіне шабуылдаған кезде қаскүнем 3 шөп шабатын құрал; сорғылар, құрылыс кептіргіші, май батареялары және басқа да құрылыс жабдықтарын ұрлаған.
Аталған факті бойынша Алмалы және Әуезов аудандарының полиция Басқармаларында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.