Есірткіні аса ірі көлемде сақтаған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды

Есірткіні аса ірі көлемде сақтаған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды

 Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаһардың 30 жастағы тұрғынын ұстады.
«Ұсталған азаматтың "Мамыр" ықшам ауданындағы пәтерін тінту кезінде, ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған 74 полиэтилен пакеті табылды және тәркіленді. Сот -химиялық сараптамасы анықтағандай, ұнтақ «гашиш» есірткісі болып табылады, салмағы 340,1 гр. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ведомство қара нарықта гашиштің бағасы 5 грамм үшін 3000 теңгені құрайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу, оның тауарларды қайдан және қалай алғанын анықтап жатыр.