«Біз өзімізді қорғалған сезінеміз»: алматылық әйел полицияға пәтерін тонап кеткен қылмыскерлерді ұстағаны үшін алғыс айтты

«Біз өзімізді қорғалған сезінеміз»: алматылық әйел полицияға пәтерін тонап кеткен қылмыскерлерді ұстағаны үшін алғыс айтты

 Шаһардың тұрғыны - Шолпан Умэлсқызы Туркеева Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тергеу жұмыстары мен ауыр құқық бұзушылықты ашқаны үшін алғыс айтты.
«Үйде ешкім болмаған кезде, есік құлпын сындырғаннан кейін ұрлықшылар барлық алтын бұйымдарды алып шықты. Бұл мен және менің отбасым үшін үлкен соққы болды. Ұрланғанның бәрі - ата-анамның естелігі. Полицияға арыз жазғаннан кейін, бүкіл айналамдағылар ешкімді де ұстамайды және үміттенудің қажеті жоқ деп сендірді. Мен сенімімді жоғалтып ала жаздадым, бірақ 2 аптадан кейін барлық күдіктілер қамауға алынды. Олардың кінәсі сотта дәлелденді. Қылмыскерлер біздің мүлікті ұрлауға қатысты екендерін толық мойындады. Бұл қылмыстық процесті басқаратын тергеуші Малгелдиевтің, сондай-ақ қылмысты ашуға қатысқан барлық полиция қызметкерлерінің тамаша жұмысы. Жедел іздестіру жұмыстары кәсіби, бірлікте және жылдам жүргізілді. Бостандық аудандық ПБ-ның тергеу бөлімінің тыңғылықты жұмысының арқасында әділеттілік салтанат құрды. Бұл менің отбасыма қауіпсіздік сезімін сыйлады», - деді, Шолпан Туркеева.
Сонымен қатар, полиция Департаменті, бұл ұрлықтан басқа, Алматыдағы қылмыстық топта тағы 26 осындай эпизод болғанын атап өтті. Қылмыскерлер сотталды.