Басқа біреудің жол талғамайтын көлігін айдап әкеткен адамды Алматы қаласының полициясы ШҚО-да ұстады

Басқа біреудің жол талғамайтын көлігін айдап әкеткен адамды Алматы қаласының полициясы ШҚО-да ұстады

 Алмалы ауданының тұрғыны полицияға көліктің жоғалып кеткендігі туралы арызбен жүгінген. Арызданушының айтуынша, оның "Тойота Сюрф" маркалы көлігі Брусиловский көшесінде орналасқан үйдің тұрағынан жоғалып кеткен.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік табылды және 1989 жылы туған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны А.есімді азаматтан тәркіленді. Ол Өскеменге бөтеннің көлігімен кетіп қалған, сол жерде ұрланған көлікті сатуды жоспарлаған. Жедел уәкілдер тағы екі сыбайласын Алматыда ұстады. Бұл 37 жастағы Ф. және Н.есімді азаматтар. Тергеу барысында өте қызықты факт пайда болды - күдіктілердің бірі осы тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істеді және өзіне ұнаған көліктің тұрақ орнында бірнеше жыл бойы қозғалыссыз тұрғанын білді. Ол достарын ұрлау арқылы қосымша ақша табуға шақырды. Айғақты заттар Алматыға әкелінді, күдікті де осында жеткізілді. Айдап әкету фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы тергеу жүргізіп жатыр», - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.