Алматы жолдарында гүрілдеген глушительдермен 275 жүргізуші ұсталды

Алматы жолдарында гүрілдеген глушительдермен 275 жүргізуші ұсталды

 Жергілікті полиция қызметі бұл деректерді, осы жылдың бес айын қорытындылай келе келтіреді.
«Егер қыста жол жүру ережелерін бұзудың мұндай түріне автокөлік жүргізушілері жиі жол бермеген болса, қазір мұндай фактілер көбейді. Біз мұны, ең алдымен, қолайлы ауа-райының басталуымен байланыстырамыз. Осыған байланысты, алдыңғы саптағы бөлімдер автокөлік жарыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті. Басты назар алдын-алуға аударылады. Ұқсас құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасаған абайсыз жүргізушілер бар. Алайда, айыптау ісі жүргізіліп, көліктерін мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырғаннан кейін де олар, тиісті қорытынды жасамады және қайтадан заңды бұзды », - деді, жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Полиция, көбінесе жолдағы жарыс қайғылы салдарға әкеп соқтыратын апаттарға әкелетінін де қосты. Жақсы жағдайда - азаматтардың тыныштығын бұзады.
«Қаланың орталық көшелеріне жақын орналасқан үйлердің тұрғындары арасында дабыл қағылды. Түнде агрессивті және шулы көлік жүргізу - бұл нағыз қасірет. Олардың арасында егде адамдар да, кішкентай балалары бар ата-аналар да бар. Мен, Алматы полициясы мұндай фактілерді жояды және бұдан әрі де жоятын болады деп толық жауапкершілікпен мәлімдеймін. Мақсатты іс-шаралар басталды», - деді, полковник Саттаров.