Алматы полициясы алаяқты анықтауға шақырады

Алматы полициясы алаяқты анықтауға шақырады

 Бірқатар алаяқтық жасағаны үшін Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері, өзін автокөлік жөндеуші ретінде таныстырып, ақшаларын иемденіп, уәделерін орындамаған адамды ұстады.
«Күдіктімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттар табылған жоқ. Ол өзін 32 жастағы Қырғызстан азаматымын деп таныстырады. Алайда, біз оның шынайы жеке деректерін қасақана жасыруы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты біз сотталушының кім екенін анықтаған азаматтарды мына телефондар арқылы байланысуға шақырамыз: 298-54-62; 8-701-758-67-60 және 8-775-718-35-05 », - деді, Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев.