
Патрульдік полиция Полкінің қызметкерлері автотұрақ ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша рейд өткізді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жерлерде.
«Белгілі болғандай, мұндай бейқам жүргізушілер өте көп болып шықты. Әркімнің әр түрлі сылтаулары бар: кейбіреулер бұл белгіні көрмеді, ал басқалары «5 минутқа» қою үшін басқа тұрақты таппады. Жауапкершіліктен қашу үшін адамдар түрлі қулықтарға баруға дайын. Сонымен қатар, автокөлікте «мүгедек» деген белгінің болуы мүмкіндігі шектеулі адамның көлік жүргізіп отырғанына кепілдік бола алмайтынын ескеру қажет. Тиісті құжаттарды тексеруге тура келеді. Тағы да маңызды: мүмкіндігі шектеулі жандар ғана көліктерін арнайы белгіленген жерлерге қоюға құқылы », - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Сонымен қатар, спикер, көлік құралын мүгедектерге арналған орындарға қойғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 597 бабы 4 бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын, ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 15 АЕК қарастырылғанын еске түсірді.
Анықтама үшін:
- 2020 жылы көлік құралын қою ережелерін бұзғаны үшін 16 мың 321 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 997-сі көлік құралдарын мүгедектерге арналған орындарға қойғаны үшін;
- 2021 жылы 15 күн ішінде 581 жүргізуші көлік құралын қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 30-ы мүгедектерге арналған орындарда көлік құралдарын қойғаны үшін;