Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмаларын орындау сондай-ақ, заң бұзушылыққа қарсы фактілердің алдын-алу, анықтау және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік аудандардағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін Алматы қаласының аумағында «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
«Іс-шараның басты мақсаты - әкімшілік учаскедегі пәтерлерді және үйлерді аралап өту, әкімшілік учаскеде тұратындардың жазбаларына ақпарат енгізу. Тұрғылықты жері бойынша, ІІО-ның профилактикалық және тізімдік жазбаларында тұрған адамдарды тексеру. Азаматтық қарудың жеке иелерін барлық қолда бар жазбаларда және олардың тұрғылықты жерінде тексеру, сондай-ақ базарлар мен басқа да сауда орындарын тексеру. Қатысқан қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру және әр ұсталған адамды дәйекті тексеруді қамтамасыз ету үшін полиция Департаменті басшылығы арасынан штаб құрылды, сонымен қатар, келіп түскен ақпаратты талдау және қорытындылау тобы құрылды. Бұл іс-шараға күн сайын жеке құрамнан 1200-ден астам адам және оған бекітілген күштер қатысады », - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
ЖАІ басталғаннан бері 77 мың 114 тұрғын үйді аралап өтті, оның ішінде 65 мың 036 пәтер, 11 мың 858 жеке меншік үй және 2 мың 017 саяжай.
«Іс-шара барысында салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 1 мың 358 пәтер анықталды. Ақпарат аудандардың салық Басқармаларына жіберіліп, ПД Ақпараттық-талдау орталығының «Пәтер» және «Жалға алушы» интеграцияланған мәліметтер базасына енгізілді. Жеке басын анықтау мақсатында 73 шетелдік азамат қабылдау бөліміне, ал 18-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. ІІО профилактикалық есепке тұрған 1 мың 871 адам, сондай-ақ, 6 мың 390 атыс қаруының иелері тексерілді, нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 128 қару тәркіленді. 6 мың 640 адам түрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды », - деп қорытындылады полковник Саттаров.