Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы Хабарландыру

Алматы қаласы ПД «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 ҚР ІІМ бұйрығы шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі ҚР ІІМ №773 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей, Алматы қ. ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына үлгіге сәйкес баянат және қызметтік тізім ұсынады.
Жоспардан тыс аттестаттауға келесі қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаментінің аппараты бойынша C-SVО-7 санаты;
- аудандардағы Полиция басқармалары бойынша С-SVR-6 санаты;
- «Арлан», ЖҚАЖ АМБ C-SN-7 санаты;
- Полиция департаментінің саптық бөлімшелері бойынша C-SSP-6, C-SV-12 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қ. ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына хабарласуға болады, (каб. № 418), анықтама телефондары 8 (7272) 54-41-56, электрондық мекенжайлар k.kasenova@mvd.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Дата публикации
23 апреля 2025