2025 жылдың 31 наурыз айы бойынша Алматы қаласында 839 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 815, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 24. Күзет құрылымдарында 15848 күзетші бар.
80 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 8, заңды тұлға – 72. Онда 121 қызметкер жұмыс істейді.
2025 жылдың 3 айында 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 44 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 30 жаңадан, 14 қайта рәсімделді, бас тарту 0. Есептен 6 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.