2024 жылдың 30 желтоқсан айы бойынша Алматы қаласында 820 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 796, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 24. Күзет құрылымдарында 15299 күзетші бар.
80 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 8, заңды тұлға – 72. Онда 116 қызметкер жұмыс істейді.
2024 жылдың 12 айында 162 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 162 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 106 жаңадан, 65 қайта рәсімделді, бас тарту 0. Есептен 39 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.