Анықтама КҚББ

2020 жылдың  30 қыркүйек  айы бойынша Алматы қаласында 1007 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 991, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 15,  жеке күзет ұйымдарының өкілдіктері – 1. Күзет құрылымдарында 14985 күзетші бар.

230 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 24, заңды тұлға – 206. Онда 303 қызметкер жұмыс істейді.

2020 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 61 мемлекеттік лицензиясы берілген, соның ішінде:  30 жаңадан, 31 заңды мекенжайын ауыстыруына байланысты.

Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.

Дата публикации
02 октября 2020