Алматы қалалық ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы ақпарат

Алматы қаласының полиция Департаментінде консультативтік-кеңесші орган тұрақты негізде жұмыс істейді, оның негізгі міндеттері - полиция қызметкерлері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде Алматы қалалық ПД-не көмек көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген қызметтік әдеп нормаларын бұзған Алматы қалалық ПД қызметкерлерінің іс-әркеттеріне жеке және заңды тұлғалардың наразылықтарын қарау.
  Алматы қаласы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның құрамына  (бұдан әрі - ККО) қоғам мүшелері кіреді.
 Мүшелер Алматы қ. ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органға енгізілген кезде олардың іскерлік қасиеттері мен белсенді азаматтығы ескерілді.  Мүшелік құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар келесі қоғам мүшелері кірді (журналистер мен қоғам қайраткерлері):
 Бахридинов Қуат Ғабдулмұхтарұлы, «Интернет-портал NUR.KZ» ЖШС бас директоры.
 Шупейкин Василий Васильевич, «Вечерний Алматы» газетінің редакторы.
 Тарасов Святослав Викторович, "СТВ" телеарнасы бас директорының орынбасары.
 Алиева Флора Бәдірханқызы, «Апта портреті» бағдарламасының продюсері, «КТК» ТА.
 Телібеков Мұрат Айтжанұлы.
 Алматы қаласы ПД жанындағы ККО төрағасы Талап Қабденұлы Қабденов - "ABS cars" бас директорының орынбасары, ішкі қызметтің генерал-майоры, ішкі істер органының ардагері.  Басқа ККО мүшелері:
 Даиров Ержан Мұзапарұлы, Алматы қаласы Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі;
 Байғожаев Серік Әбілқайырұлы, Алматы қаласы ПД ЖПҚ басшысының орынбасары;
 Әзірбек Салтанат Қуанышбекқызы, Алматы қаласы ПД Сыртқы және ішкі коммуникациялар Басқармасы бастығының міндетін атқарушы;
 Белгібаев Айдын Елуұлы, Алматы қаласы ПД КБжС басшысының орынбасары - ККО хатшысы.
     Тұрақты түрде, кестеге сәйкес, ККО мүшелері азаматтарды полиция қызметкерлерінің әдеп нормаларын бұзғаны туралы өтініштерімен қабылдайды.
     Осы жылдың басынан бастап Алматы қаласы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның 3 отырысы өткізілді, онда келесі мәселелер қаралды:
     «2019 жылғы Алматы қаласы бойынша ПД жанындағы ККО қызметінің нәтижелері туралы» «2020 жылға арналған Алматы қаласы бойынша ПД шеңберіндегі ККО жұмыс жоспарын талқылау және бекіту», «Ж.Ч.Кусаинованың Алматы қаласы ПД жанындағы ККО-ға қабылдау туралы өтінішін қарау»,« Алматы қ. ПД ЖПҚБ "Модуль" учаскелік полиция пункттері мен стационарлық полиция бекеттерінің қызметтік қызметін ұйымдастыру туралы»,« Алматы қаласы ПД қызметкерлері жасаған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзу туралы» және «Алматы қаласы ПД жанындағы ККО құрамына кіру туралы  М.Телібековтің өтінішін қарау»
     Сонымен қатар, кестеге сәйкес ККО мүшелері азаматтарды қызметтік этика нормаларын бұзған ПД қызметкерлерінің әрекеттеріне  шағымдармен апта сайын қабылдайды, сондықтан ағымдағы жылдың басынан бастап келесі азаматтар жүгінді:
 2020 жылы 19 ақпанда Телібеков М.А. өзінің өтінішімен жүгінді, онда ол Алматы қаласы ПД жанындағы ККО-ға қабылдау туралы мәселені қарауды сұрайды.
 Алматы қаласы бойынша ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысы полиция Департаментінің басшылығымен бақыланады.
Дата публикации
04 сентября 2020