2023 жылдың 29 желтоқсан айы бойынша Алматы қаласында 744 күзет қызметі субъектісі есепте тұр, оның ішінде: жеке күзет ұйымдары – 722, жеке күзет ұйымдарының филиалдары – 22. Күзет құрылымдарында 15065 күзетші бар.
107 күзет қоңырау құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету фирмалары бар, соның ішінде: жеке тұлға – 8, заңды тұлға – 99. Онда 148 қызметкер жұмыс істейді.
2023 жылдың 12 айында 165 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Қазақстан Республикасы бойынша күзет қызметінің барлық түріне 164 мемлекеттік лицензия берілді, соның ішінде: 108 жаңадан, 56 қайта рәсімделді, бас тарту 1. Есептен 20 ЖКҰ шығарылды.
Бөлімге лицензия алу кезіндегі жұмысы бойынша шағым мен ескертпелер түспеді.